«Әйелің анаңдай тілеуіңді тілемейді»: Азамат Сатыбалды өлім жайлы ой қозғап, әйелдер жайлы пікірін айтты (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желі

Актер әрі жүргізуші Азамат Сатыбалды Динара Сәтжанға берген сұхбатында марқұм ата-анасы туралы айтып, көптің жүрегін елжіретті, деп жазды Qazaq.today ақпарат поратлы.

«Мен әкем өмірден өткен кезде өлімнің бар екенін түсіндім. Әкем маған өлмейтін адам сияқты көрінетін. Ал, анам кеткеннен кейін мен енді мен үшін ешкім Алладан тілек тілемейді деп ойладым. Анаң сияқты ешкім сен үшін көзінен жас шығып, жүрегі жарылып тілек тілемейді. Әйелің де тілемейді, бауырың да тілемейді. Ана ғана тілейді. Алла шынайы тілекті қабыл етеді. Біздің өмірде жолымыз болып жадырап-жайнап жүруіміздің барлығы анамыздың тілегінің арқасында. Ал ана өмірден өткен кезде біраз есік жабылып қалады», — деді ол.

Желі қолданушылары актердің бұл сөзіне қатысты түрлі пікір жазды.

«Әйел неге тілемейді? Тілейді. Бірақ еркектер оны түсінбейді», «Ата-анасы өлген адамдар жартылай өлген адамдар ғой», «Өте дұрыс айтасыз», «Қателесесіз мен жолдасым үшін шынайы дұға жасаймын», «Керісінше әйелі үшін дұға қылатын еркекті көрмедім», «Сізді тыңдап жылап алдым», деп жазды олар.