Фото: NBCNews
АҚШ-та 70 жастағы америкалық Бренда Рут Дойч 200-ден астам бала асырап алып, кейін ата-аналық міндетіне немқұрайлы қарады деп сотқа тартылды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы NBCNews cайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Линкольн округінің тұрғыны ата-аналық міндеттеріне немқұрайлы қарады, балаға қатыгездік көрсетті және олардың өміріне қауіп төндірді деп айыпталып жатыр.
Әйел асырап алған баласын экзотикалық маймылға айырбастамақ болған. Екі куәгер баланы маймылға аырбастағысы келген әйелді байқап, полицияға хабарлады.
Линкольн округінің прокуроры Майк Вудтың айтуынша, Дойч 15-20 жылда 200-ден астам баланы асырап алған.
2022 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың қаңтары аралығында ол17 жасқа толмаған жасөспірімнің бетінен ескекпен ұрып, соның кесірінен бетінен қан кеткен.
Күдікті түрмеден тек кепілдікпен шыға алады. Ол 250 000 доллар (130 миллион теңге) болып белгіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.