«Үйде тыныш жатсам да, маза бермейсіздер»: Ерке Есмахан сұрақтың астына алғандарға ашуланды

Фото: instagram/erke_esmahan

Ай-күні жақындаған Ерке Есмахан қазір өзіне декреттік демалыс жариялап, жұрт көзінен таса жүруге тырысатын болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Желі қолданушылары жоғалып кеткен әншіні сұрақтың астына алып:

«Неге босанғаныңыз туралы айтпайсыз? Сонша интрига қылып не болды?», – деп жекеге жазған.

Ерке Есмахан да қарап қалмай, қысқа қайырып, жауап қатты.

«Тусам, оның не жасыратыны бар? Үйде тыныш жатсам да, маза бермейсіздер, иә?» – деді әнші.