Иван Дычко ауыр жарақатынан кейін шаршы алаңға шықпақ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко келесі жекпе-жегін 19 шілдеде Вашингтонда (АҚШ) өткізеді, — деп хабарлайды Qazaq Todaу ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме  жасап. 

34 жастағы отандасымыздың қарсыласы – америкалық боксшы Шкулар Лац. Кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізіп, сегізінде жеңіске жеткен. Бір рет жеңілген.

Иван Дычко осыған дейін өткізген 14 кездесуінде де жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Вашингтондағы бокс кешіне Иван Дычкодан бөлек Данияр Елеусінов те қатысады. Оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.