Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалында Швейцария мен Италия құрамалары Германияда кездесті. Турнирдің қазіргі чемпионы Италия күтпеген жерден шығып қалды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Бұл плей-офф кезеңінің алғашқы кездесуі Берлин қаласындағы «Олимпиаштадион» стадионында өтті.
37-минутта швейцариялық футболшы Ремо Фройлер есеп ашып, айып алаңына кіріп, итальяндық қорғаушыларды, оның ішінде қақпашы Джанлуиджи Доннарумманы таң қалдырды.
Екінші голды Мурат Якиннің шәкірттері екінші таймның басында, 46-минутта Рубен Варгас әдемі соққымен енгізді.
🇨🇭🆚🇮🇹 Switzerland lead against holders Italy…#EURO2024 | #SUIITA pic.twitter.com/S2br2KGbcH
— UEFA EURO 2024 (@EURO2024) June 29, 2024
Матч швейцариялықтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Швейцария 1/4 финалда Англия — Словакия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Италия құрамасы Еуропаның қазіргі чемпионы болған.