Бауржан Аленов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today сайты Todayinfo.kz сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Аленов Бауржан Төлегенұлы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды», – делінген хабарламада.
Бауржан Аленов 1976 жылдың 8 қарашасында Көкшетау облысында дүниеге келген. Білімі бойынша заңгер, құқықтану ғылымдарының магистрі.
1997 жылдың мамыр айында ішкі істер органдарындағы қызметін Көкшетау қаласы ІІБ жанындағы Ұлттық қауіпсіздік басқармасының полиция батальонының полицейі ретінде бастаған. Еңбек жолында әртүрлі қызметтерді атқарған.
2013 жылы Ақмола облысы Көкшетау қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалған.
2015-2018 жылдары Ақмола облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Кейін Ақмола облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.
2019 жылдан бастап Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтерінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2022 жылдың тамызында Бауржан Аленов Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған.
Еске салсақ, 24 қыркүйекте Жамбыл облысында полиция департаментінің бастығы мен оның төрт орынбасары ауыстырылған болатын.