Фото: dalanews.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, қазір Кәрім Мәсімовтың денсаулығы, жағдайы жақсы.
«Ол жазасын қалыпты жағдайда өтеп жатыр. Оның жақындары айтқан барлық уәждер тексеріліп жатыр. Ресми түрде айтайын, оның жағдайы қалыпты», – деді Сәденов.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.