Ирандағы Махса Амини оқиғасын жазған журналистер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Иранда Махса Аминидің өлімі туралы жазған журналистер мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. «Настоящее время» басылымының хабарлауынша, Иран билігі Махса Аминидің өлімі туралы бірінші болып жазған екі журналист Нилуфар Хамеди мен Элае Мохаммадиді сатқындық жасады және АҚШ барлау қызметіне жұмыс жасады деп айыптады. Олар өлім жазасына кесілуі мүмкін.

«Журналистер Амини қайтыс болып, жаппай наразылықтар басталғаннан кейін көп ұзамай қамауға алынған. Олар саяси айып тағылған тұтқындарды түрмеге қамаумен аты шыққан Эвин түрмесінде жатыр деген болжам бар», – деп жазады агенттік.

Нилуфар Хами Тегеран ауруханасында Аминидің комада жатқан кезінде оның ата-анасының бір-бірін құшақтап тұрған сәтін суретке түсірген. Twitter желісіне салынған ол сурет әлемге Аминидің халі мүшкіл екенін жеткізген алғашқы сигнал болды. Одан үш күн бұрын қызды полицияның орынбасары хиджабты дұрыс тақпаған деп айыптап, қамап тастаған болатын. Артынша Амини полицейлердің соққысынан көз жұмған соң туған қаласы Сакезге жерленгенде, Элае Мохаммади сол қалада басталған наразылықтардан хабар таратқан еді.

Иранның барлау агенттіктері бірлескен мәлімдемеде журналистерді АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ – ред.) агенттері деп атаған. Мәлімдемеде сондай-ақ Иранда бір айдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан наразылық шерулерін Батыстың барлау агенттіктері ұйымдастырып отырғаны айтылады.

«Иран билігі елде болып жатқан оқиғалар туралы кез келген ақпараттың әлемдік баспасөзге енуіне жол бермеуге тырысуда. Наразылық акциясы басталғалы бері 40-тан астам журналист қамауға алынды, ал бостандықта жүргендер телефондарын тыңдап, бақылауға алғанына шағымданып жатыр», – делінген хабарламада.

Иранда жаппай наразылықтар қыркүйек айының ортасында хиджабты дұрыс кимегені үшін полиция тұтқындаған 22 жастағы Махса Амини соққыдан қайтыс болғаннан кейін басталған еді. Шерушілер оның өліміне полицияны кінәлайды. Наразылық акциясын басып-жаншу барысында 200-ден астам адам қаза тапты, соның ішінде атыс қаруынан көз жұмғандар да бар.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here