Фото: x.com/Tasnimnews_EN
Апат салдарынан Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшағының барлық жолаушылары мен экипажы қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пир Хоссейн Коливанд мәлімдеді.
«Құлаған тікұшақтың орналасқан жері анықталған кезде, тікұшақ жолаушылардың тіршілік белгілері табылмады», — деді ол IRIB телеарнасында.
Бортта сондай-ақ Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, Шығыс Әзірбайжан облысының губернаторы Малек Рахмати және Табриз қаласының жұма имамы Мохаммад Али Але Хашем болды.