Иранның әуе кеңістігі Тегеранға және басқа да халықаралық рейстер үшін ашылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
«Енді Иранның әуе кеңістігі алдын ала рұқсат алған жағдайда Тегеранға және халықаралық рейстерге ашық, – деп жазды Flightradar басылымында.
Картада әзірге Иранның үстінен ешқандай рейстер көрсетілмеген, сондай-ақ Тегерандағы Имам Хомейни халықаралық әуежайынан ұшып келетін немесе ұшып бара жатқан ұшақтар туралы деректер жоқ.
Айта кетейік, Иран билігі Израильдің соққыларына байланысты әуе кеңістігін жабуды жариялап, оны бірнеше рет ұзартты.