Фото: saeediex / Shutterstock
Иран АҚШ-тағы президенттік сайлау алдында Израильдің әскери нысандарға жасаған жуырдағы соққысына жауап береді. Бұл туралы CNN Иран билігіне жақын жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
«Иран Ислам Республикасының сионистік режимнің басқыншылығына жауабы түпкілікті әрі ауыр болады», – деді арна сұхбатшысы.
Аты-жөнін атамаған израильдік шенеунік Ynet-ке: «Егер олар жауап беретін болса, келесі соққының ауыртпалығы екі есе көп болады» деді.
АҚШ Иранды шабуылдан бас тартуға шақырды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер: «Иранға Израильдің соққысына жауап берудің қажеті жоқ. Егер ол кері соққы беруге бекінсе, АҚШ Израильді қолдап, елді қорғауға көмектеседі» деді. Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Мэттью Миллер де осындай мәлімдеме жасады.
121