Алматының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жұмыстары қалада тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Биыл сумен жабдықтау жұмыстарына 2,6 миллиард теңге инвестиция тартылған. «Алматы су» мекемесінің хабарлауынша құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Қалада жалпы ұзындығы 32 шақыырм су құбыры жаңартылады. Биылғы жұмысқа 2,6 миллиард теңге қаражат бөлінген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
«Ірі нысандар арасында ағымдағы жылы Марков көшесімен Әл-Фараби даңғылынан Ғабдуллин көшесіне дейін, Тұрғыт Өзал көшесімен, Спасская көшесімен, Тимирязев көшесімен Байзақов көшесінен Манас көшесіне дейін, Тимирязев көшесінен Ғабдуллин көшесіне дейін, Бөлтірік шешен көшесі, Текелі көшесі, Черновицкая көшесі, Бөкеев көшесінің бойында және «Мамыр — 4» шағын ауданында су құбыры желілері ауыстырылады», -деп хабарлады «Алматы Су» МКК ресми өкілі Ақбота Жылысова.
Кәсіпорын барлығы 3584 шақырым су құбыры, 1926 шақырым кәріз желілеріне, 115 мыңнан астам су құбыры және кәріз құдықтары мен камераларына, 109 таза су резервуарына, 251 сорғы сумен жабдықтау станцияларына, 29 кәріз сорғы станцияларына, 8 мыңнан астам өрт гидранттарына, сондай ақ 32 мыңнан астам бекіткіш арматураларды қарап, бақылайды. Жұмыстарды жүргізу кезінде халықты сумен жабдықтау үздіксіз жүзеге асырылады. Жлілерді ауыстыру барысында жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарына да көп көңіл бөлінеді.
«Желілерді бір учаскеге салғаннан кейін зақымдалған жол төсемі дереу қалпына келтіріледі, яғни асфальттау барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін емес, құбырларды қайта құрумен бірге орындалады. Сонымен қатар, жұмыстарды орындағаннан кейін жол тек асфальт төсемінің сапасын анықтайтын зертхана арқылы қабылданады», — деп хабарлады Ақбота Жылысова.
https://www.youtube.com/watch?v=VLk1PIXzaA0