Instagram-ға отандық әндер қайта оралды

Бірнеше айлық үзілістен кейін Instagram желісіне қазақстандық әндер қайта оралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Күні кеше қазақстандықтар Instagram-дағы бұрынғы жазбаларында отандық әндердің қайта оралғанын байқаған. Олар өздерінің бұрынғы stories пен публикацияларын салыстырып көрген. Кейбірі әндердің белгілі бір бөлігі оралмағанын, алайда әндер тізімі толықтырып жатқанын айтқан.

Осыдан бірнеше ай бұрын Инстаграмнан қазақ әндері жоғалып кеткен болатын. Meta мен қазақстандық авторлар ортақ келісімге келе алмай жатқаны белгілі болды. Әділет министрлігі мұны Мeta мен отандық ұйымдардың бірі арасында құқықтарды ұжымдық басқару (өтемақы) бойынша уағдаластықтардың болмауымен түсіндірді.