фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Шымкентте тұратын көпбалалы ана жат ағымның жетегінде жүрген еркектерден көрген қорлығын жариялады. Ол өзінің «Ділмұрат ахидың» уағызын тыңдап, бірнеше еркектің қолжаулығына айналғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
Көз жасын көл қылған келіншекті жат ағымның жетегіндегі еркектер бір-біріне сый ретінде берген.
«Мен өзімнің және бала-шағамның қауіпсіздігі ретінде аты-жөнімді айта алмаймын. Ділмұрат ахи, мен Шымкент қаласының тұрғынымын. Намазға келгелі бері жат ағымдағы бауырға тұрмысқа шыққалы бері, оның айтуы, мақтауы бойынша сіздің (Ділмұрат ұстаз – ред) уағыздарыңызды тыңдап келгенмін. Сіздің шәкіртіңізбін деп жүрген жат ағымдағы бауырға тұрмысқа шықтым. Көп ұзамай, өзімнің бауырым деген екінші салаф бауырға мені сый ретінде, зат ретінде сыйлады. Осылай екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне зат ретінде сыйлап кете берді. Сол арада әр тұрмыста мен балалы болып отырдым», — дейді видео авторы.
Шымкент қаласында тұратынын айтқан ана, қаншама қыз-келіншек Ділмұрат ұстаздың уағызын тыңдаймыз деп салафтарға тұрмысқа шыққанын, қанша бала жетім қалып, әйелдер жесір қалып, көшеде қаңғып жүргенін жасырмады. Ол ахыретте көз жасының ақысын Ділмұрат ұстаздан алатынын мәлімдеді.
«Имамдарды тыңдама дейсіздер, олар адасушы дейді. Олар емес, сіздер адасқансыздар. Шетелге қашып, елге іріткі салып, қазақ келіншіктерін жақсы жолдан тайдырып, шүберек қылып пайдалануға насихаттап отырған сіздерсіздер. Қыз-келіншектерге айтарым, салаф бауырлардың алдауы мен арбауына түспеңдер. Тұрмысқа шықпаңдар. Жәннат кілті – ана табанының астында. Менің көз жасым, балаларымның көз жасына қалған Ділмұрат ақыретте көз жасымның ақысын сізден аламын. Қыз-келіншектердің жылауына, көз жасына сен жауаптысың», — дейді басынан өткен оқиғаларды жариялаған видео авторы.
Діндарлар шағым жасаған келіншекті «тағдыр» деп алдауға тырысқан.
«Надан тірліктеріңіз кінәлді. Керісінше сіздер адасушысыздар. Шүбек қылып пайдалануға насихаттап отырған сіздер. Мен сәләфпын деп жүрек есек бауырлардың аладуына тсүіп қалмаңыздар. Әліде уақыт бар. Алдауына тсүірген соң білгендерін істейді», -деді қорлық көрген келіншек.
https://www.youtube.com/watch?v=kuNR55P-ouo