Илья Ильин қызын бесікке салды

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин телебағдарламалардың бірінің тікелей эфирінде үш айлық қызы Айлиге «бесікке салу» салтын өткізгенін айтты.

«Ұлттық рәсімді көптеген балалары мен немерелері бар дана, мейірімді әже өткізді. Бұл нәрестенің ақылды, мейірімді, дені сау, бақытты қыз болып өсуі үшін жасалады»,- деп жазды жас әке.