Әлемге танымал кәсіпкер Илон Масктың анасы Мэй Маск 17 қазанда өтетін Орталық Азия әйелдеріне арналған BeWoman форумына қатысу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Форум барысында Мэй Маск алматылықтармен денсаулық, дұрыс тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, балаларды жалғыз тәрбиелеу, қиындықтарды жеңу және өзіне деген сенімділікті арттыру тақырыптарында тәжірибесімен бөліседі.
Қазақстанға сапары аясында Мэй Маск қазақ қызының тұсауын кесті. Кейін оның үстіне ұлттық шапан жауып, ұлттық әшекейлер сыйға тартылған.
Мэй Маск (Холдеман) 1948 жылы 19 сәуірде егізі Кэй екеуі бірге Саскачеван провинциясының (Канада) Регина қаласында дүниеге келген.
45