Іле ауданында мәдениет бөлімі бір ғана кітаптың жинағын 14 млн теңге сатып алмақ болған – Антикор

Алматы облысында еріктілер әкімдіктің бюджет қаражатын талан-таражыға салмақ болғанын анықтады. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері 20 млн теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеді. Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында әкімдіктің кітап бағасын кемі 14 есеге көтергені белгілі болды. Небәрі 1,5 млн теңгенің затын 18.5 млн теңгеге сатып алмақ болған.

«Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» КММ 14 млн теңгеге бір кітап жинағын және 6 млн теңгеге кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғыны сатып алуды жоспарлады.Алайда еріктілер кітап жинағының орташа бағасы 1.1 млн теңгені, ал кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғының бағасы 360.9 мың теңгені құрайтынын анықтады», — деп хабарлады Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Аудан әкімдігінің кітапханасы бағаны 18.5 млн теңгеге көтерген. Осыған байланысты еріктілер Іле ауданының мәдениет бөліміне бағаларды қайта қарау жөніндегі ұсыныс жіберді. Антикордың араласуынан кейін тендер тоқтатылып, 20 млн теңге сомасында бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды.