Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан бас қолбасшысы орынбасарының заңсыз әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұлан қолбасшысының орынбасары Константин Воронкин ұсталды.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Министрлік өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік туралы өзінің принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты қолданыстағы заңнама шеңберінде объективті және жан-жақты тергеу жүргізілетін болады, — делінген хабарламада.