«Хуторлық» Хасанды қаңтар оқиғасында Талғарды қорғаған батыр қылу процесі басталды

Талғар ауданында Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот ісі барысында кей адамдар ел ішінде тараған «Хуторлық Хасан» есімді жігіт пен оның айналасындағы бандиттік топтың қылмысы туралы айтқан еді. Шерзатты өлтіріп, қамалған қылмыскерлердің ата-аналары Хасанды көрмегенін, оны мүлдем білмейтіндерін айтып, қоғамды сендіруге тырысқан.

«Ондай банда жоқ. Мұның бәрі өтірік сөз. Бұл сөзді кім шығарғанын білмеймін, Қаржаубайлар айтты ғой. Хуторлықтардың бастығы Хасан деп. Осы жерде туып өскен менмін ғой. Ондай банды да жоқ. Хасан туралы ештеңе білмейміз. Қазір олар бұл жақта тұрмайды», – деді Нұрқияс Ілиясовтың әкесі Төлетбек Ілиясов.

Сот процестерінде де ,оған дейін де Талғарда «Хутор» атты бандалық топтың елді ұрып,соғып тнауы туралы мәліметтер айтылған болатын. Бұл сөз халық арасында үлкен резонанс тудырды. «Ел дауысы» ютуб арнасында Шерзат ісінде сотталғандардың ата-аналары жұмыссыз қалғандарын, Қаржаубайдың үйін өртегендерді тауып, кінәлілерді табуды да талап етті.

Тіптен олар Хасанды танымаймыз деген әу бастағы сөздерінен тайқып, оны батыр қылып көрсетуге тырысып бақты.

«Жоқ, бұған дейін осы ауылда банды бар екенін естімедік. Осы ауылда тұрғаныма 25 жыл болды. Бұл ауылда да үлкен ақсақалдар бар. Хасан деген есімді мен естіген жоқпын. Енді осы ауылда тұрған. Ол баланың да жақсылықтарын айтып жатыр. Қаңтар кезінде осы Талғардың бір ғимаратының терезесі сынбады. Жан-жаққа адам қойып, сырттан келген бұзақылардан аман сақтады», – деді Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтардың анасы Айгүл Кемелбекова.

 

https://www.youtube.com/watch?