Талғардағы атышулы “Хутор” бандасының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаев қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатты қарады.
Сот қаулысымен күдікті Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.
33