Homay хитінің орындаушылары елімізде бейнебаян түсірді

Фото: vk.com/ayyola.music

Homay трегі арқылы танымал болған башқұрттың этно-поп Ay Yola тобы жаңа бейнебаян түсіру үшін Қазақстанды таңдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеп. 

Музыканттар Yola композициясына арналған бейнебаянды Маңғыстаудың көркем табиғи орындарында түсіріп, этникалық сарындар мен өңірдің табиғи сұлулығын көрсеткен. Топ мүшелерінің айтуынша, бейнебаян башқұрт эпосы мен қазақ жерінің көріністерін байланыстыратын өзіндік көпір болмақ.

Түсірілімдер сондай-ақ Өзбекстан, Якутия және Башқұртстанда да жүргізілді, соның арқасында бейнебаян көркем болып шықты. Әннің орталық бейнесі — “Урал-Батыр” эпосындағы мифологиялық құс тәңірі, жарықтың символы әрі ежелгі білімнің сақтаушысы Хумай болды.

Шығармашылық ұжым өңірдегі туризмді дамыту мақсатында облыстық әкімдікке де ұсыныс білдірді.

Бейнебаянның ресми премьерасы 13 маусымға жоспарланған.

Айта кетейік, Ay Yola тобы 2024 жылы Уфада құрылған. Ұжым этно-поп жанрында өнер көрсетіп, дәстүрлі башқұрт аспаптарын — қурай, домбыра, қобызды — заманауи электронды музыкамен біріктіреді. 2025 жылдың 14 наурызында шыққан Homay хиті халықаралық вирусқа айналып, Shazam-ның үздік 5-тігіне еніп, бірнеше елдің чарттарына кірді.