Хит әндердің орындаушысы Argonya Қайрат Нұртаспен араласпай кеткені рас па

Видеодан кадр: Instagram/argonyaa

Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Айқын Төлепбергенмен дуэт жазған Argonya лақап атты әнші бүгінде неге ән шығармай кеткенін айтты. Кезінде Қайрат Нұртаспен жақын дос болған өнер иесі бүгінде онымен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Argonya қазіргі уақытта Қайрат Нұртаспен бұрынғыдай араласпайтынын жасырмады. Өнер иелері осыдан екі ай бұрын шарада көрісіп қалған. «Соңғы рет Қайрат Нұртаспен 1-2 ай бұрын бір шарада кездесіп қалдық.

«Ой, қалың қалай?» деп бір-бірімізді құшақтап, амандастық. Қал-жағдай білісіп қалдық. Одан кейін кездеспегелі көп болыпты», — деді әнші.