ХАМАС-тың тағы бір көшбасшысы отбасымен қаза тапты

Фото: © Агентство Нова
Ливандағы палестиналық ХАМАС қозғалысының жетекшілерінің бірі Шариф Әбу әл-Амин Израильдің соққысынан қаза тапты. Бұл туралы ұйымның Telegram-арнасындағы хабарламада айтылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«ХАМАС Ливандағы исламдық қарсылық қозғалысының жетекшісі әрі шетелдегі қозғалыс басшылығының мүшесі Фатх Шариф Әбу әл-Аминнің қазасына орай көңіл айтады», – делінген хабарламады.

Қозғалыс мүшелері Әбу әл-Аминнің Ливанның оңтүстігіндегі лаңкестік операция кезінде, Эль-Басс босқындар лагеріндегі үйіне соққы жасалғаннан кейін, «бүгін таңертең» қаза тапқанын нақтылады. Сондай-ақ, ғимаратта болған Әбу әл-Аминнің әйелі, ұлы мен қызы қаза тапты.

56