Халықаралық жағдайға қатысты ұстаным анық болу керек: Алдағы жолдаудан не күтеміз

Қыркүйек айының басында Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жасайды. Онда еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастырып және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа бастамаларды ұсынады. Биылғы Жолдау ерекше маңызды болмақ, себебі еліміз қиын халықаралық жағдайларда өз орнын табуға және тұрақтылығын сақтауға тырысып жатыр. Qazaq.today порталы 2023 жылғы жолдауды еске түсіріп, алдағы жолдаудан халықтың не күтетінін тәпсірлеп көрмек.

Президент былтырғы жолдауында «Әділетті Қазақстан» және «әділ» сөздерін 12 рет қолданса, «Қазақстан» сөзін 46 рет қолданған. Елдің есінде қалғаны «Ұлттық қор — балаларға» сыныды жобалар.

«Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады» деді Қ. Тоқаев.

Сонымен бірге 2023 жылы президент энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне де баса назар аударды.

«Өткен қыста еліміздің жылу электр станцияларында қайта-қайта апат болды. Бұл жағдай жылдар бойы шешілмеген мәселенің бетін ашып берді. Инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Индустрияландыру қарқынын да тежейді. Яғни, инфрақұрылымды жаңғыртпасақ, жаңа экономикалық үлгіге көшу мүмкін емес. Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жоспарда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анықтауға тиіс» деді президент.

Тағы бір баса назар аударған сала — су саласы.

«Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін» деді ол жолдауында» деді Тоқаев мырза.

Сөз соңында президент мырза: «Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында нақты айттым» деген еді.

Биыл мына салаларға базар назар аударады деген үміттеміз:

  1. Халықаралық жағдайға қатысты ұстаным: Қазақстанның көрші елдеріндегі саяси және әскери тұрақсыздық біздің елдің сыртқы саясатына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан Президенттің Жолдауында Қазақстанның осы жағдайларға қатысты ұстанымы мен шаралары нақты баяндалады деп күтемін. Бұл қадам еліміздің бейбітшілікке және тұрақтылыққа ұмтылысын көрсетеді деп ойлаймын.
  2. Экономикалық тұрақтылық және әртараптандыру: Соңғы жылдардағы жаһандық экономикалық өзгерістер мен Қазақстан экономикасының шикізаттық тәуелділігі осы мәселелерді қайта қарауға итермелейді. Жолдауда экономиканы әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы нақты шаралар ұсынылады деп күтемін.
  3. Әлеуметтік мәселелерге назар: Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында Президенттің әлеуметтік бағдарламаларды жаңарту, ең төменгі жалақыны көтеру, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қолдау туралы бастамалар көтеретіні анық. Әсіресе, пандемияның салдары әлі де байқалуда, сондықтан әлеуметтік саясаттың жаңа бағыттары қарастырылуы мүмкін.
  4. Цифрландыру және инновацияларды дамыту: Қазақстанның болашақта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрландыру және инновацияларға баса назар аударылуы тиіс. Бұл бағытта елде стартап экожүйесін дамыту, жасанды интеллектті енгізу және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы жаңа бастамалар жарияланады деп күтемін.
  5. Саяси реформалар және қоғаммен диалог: Қазақстанның «Естуші мемлекет» концепциясы аясында, саяси реформалар мен қоғаммен тығыз диалог орнату бағытында жаңа қадамдар жасалуы мүмкін. Бұл, әсіресе, жастардың саяси процеске қатысуы мен азаматтық қоғамды қолдау шараларында көрініс табуы ықтимал.

Жалпы алғанда, биылғы Жолдау елдің қазіргі күрделі кезеңде тұрақтылықты сақтап, болашаққа сеніммен қадам басу үшін маңызды стратегияларды ұсынатын құжат боларына сенімдімін.

М.Әуелханұлы, журналист