Халық әуре-сарсаңға түсіп жүр – Тоқаев шетелдік нөмірлі автокөліктер туралы

Мемлекет басшысы Үкіметтің ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізбегенін айттыҮкіметтің кеңейтілген отырысында Президент өзі берген тағы бір тапсырма – шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру науқаны «үкіметтің арқасында» халықты әуре-сарсаңға салғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today  ақпараттық порталы Azattyq Ruhy сілтеме жасап.

«Тағы бір мәселе. Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда, Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз. Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек», — деді Тоқаев.

48