Halyk Homebank қосымшасында «Халык-Life» АҚ ұсынған өмірді сақтандыру бағдарламасы іске қосылды

2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Халык-Life сақтандыру Компаниясы валютада максималды табыстылығы 3,52% дейін болатын «Халық-Қазына» атты өмірді сақтандырудың жинақтаушы онлайн бағдарламасын іске қосты.

«Халық-Қазына» өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасы валютадағы депозиттерге үздік балама болып табыладыБағдарлама сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін не сақтандыру оқиғасы басталған кезде өтеу түрінде төленетін валютада жылдық 3,52% – ға дейінгі мөлшерде инвестициялық табысқа кепілдік береді. Сақтандыру жарнасының ең төменгі мөлшері теңге баламасында 1 000 АҚШ долларын құрайды.

Енді, «Халық-Қазына» бағдарламасы бойынша өмірді сақтандыру полисін Halyk Homebank қосымшасы арқылы небәрі 5 минут ішінде ресімдеуге болады.

Ол үшін Банк қосымшадағы «Сақтандыру» бөліміне кіріп, «Халық-Қазына» жинақтаушы сақтандыру» бағдарламасын таңдау қажет.

Бөлімде: сақтандыру шарттарымен танысуға, сақтандыру параметрлерін белгілеуге, сақтандыру жарнасын төлеуге және «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру полисін ресімдеуге болады. Полисті ресімдегеннен кейін сақтандыру шарты 24/7 тәртібінде әрекет ету мерзімі ішінде «Шарттар» бетінде көрсетілетін болады.

«Егер де бұрын клиент сақтандыру шартын жасасу үшінбайланыс орталығына немесе компания менеджеріне қоңырау шалып, жүгінген болса, бүгінде кез келген адам Halyk Homebank қосымшасы арқылы өмірді сақтандырудыңжинақтаушы полисін валютамен тез және оңай ресімдей алады. Бұл қызмет біздің клиенттеріміз үшін қарапайым, пайдалы және тиімді сервистерді ұсыну бойынша іс – шаралар шеңберінде іске асырылды»,  деп атап өтті «Халық-Life» АҚ Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Өмірді сақтандыру бағдарламасының маңызды ерекшелігі, егер сақтандыру мерзімі кезеңінде сақтандырылған клиент жазатайым оқиғадан, аурудан немесе кез келген себептен өмірден озатын болса, шартта сақтандыру төлемін алушылар ретінде көрсеткен тұлғалар, кепілдік берілген инвестициялық соманы қоса алғанда, сақтандырылған соманы толық көлемде бірден алады. Бұл ретте төлем сақтандыру мерзімі аяқталған немесе сақтандыру оқиғасы басталған күні Ұлттық Банк белгілеген «USD/KZT TOD» бағамына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру шартын 2 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады. Бұл ретте өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу жолымен сақтандыру Компаниясына салынған қаражатты салық органдары, мысалы серіктестермен болған дауларда немесе ажырасу кезінде өндіріп ала алмайды. Бағдарлама бойынша толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://www.halyklife.kz/kz/accumulation/halyk_kazyna

Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ  «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 47,6 млрд теңгені құрайды. Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде, өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында, АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен ең жоғары болып табылады. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Лицензия компанияның бас кеңсесінің мекенжайының өзгеруіне байланысты 04.11.2016 жылы №2.2.41 жаңартылды.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here