Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Ұлттық құрылтайдан не күтуге болатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.kz ақпарат порталы.
Ұлттық құрылтай — нақты стратегиялық тұжырымдарды дайындау алаңы. Бүгін киелі Көкшетау өңірінде өтетін мәдени, идеологиялық, рухани бағыттағы құрылтайдан халық, қоғам үлкен тарихи сәтті күтіп отыр, — деді депутат.
Әшімжановтың айтуынша, құрылтай мүшелері жиынға үлкен дайындықпен келген.
Ұсыныстарым бар. Секциялық жұмыста нақты ұсыныстарымды беремін, — деп айтты Жанарбек Әшімжанов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram