Фото: el.kz
Былтыр Шымкентте гүл дүкенінде сатушыны қайшымен қорқытып, гүлді тегін алып кеткен экс-полицей тағы да бұзақы әрекетімен көзге түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Бұл жолы бейтаныс әйелдің телефонын тартып алған полицейдің масаң күйде отырғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әйелдің телефонын сұрап, жалынып жатқанын көруге болады, деп жазады el.kz.
Жәбірленуші оқиға куәгерлерінің көмегімен телефонын қайтарып алды. Алайда, дөрекелігімен қоғамда дүрбелең туғызып жүрген экс-полицей бұл жолы да жазаға тартылған жоқ.
Айта кетейік, аталмыш ер адам 8 мамырда ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Ол 1989 жылы туған Б. есімді азамат. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.