Фото: Pool / AFP via Getty Images
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оған 9 миллион лари (шамамен 3,2 миллион доллар) көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылды. Сот үкіміне сәйкес, жазасын өтеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанынан бастап есептеледі. Сондай-ақ, Саакашвилиге үш жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Саясаткерге қатысты бюджет қаржысын талан-таражға салу айыбы алғаш рет 2014 жылы тағылған. Бұл іс Грузияда «пиджактар ісі» деген атпен белгілі.
Тергеу мәліметінше, Саакашвили мемлекеттік қаражатқа қымбат пиджактар мен пальто сатып алған, ұлының оқу ақысын төлеген, косметикалық процедуралар жасаған, сондай-ақ люкс санатындағы көліктер мен ұшақ жалдап, бағалы сағаттар сатып алған.