Persefoni I қайығының капитаны мен лейтенанты және экипаждың 11 мүшесі 21 маусымдағы Идра аралындағы өрт үшін тергеуші мен прокурордың келісімімен уақытша ұсталған еді. Экипаждың 11 мүшесі ай сайын жергілікті полиция бөлімшесіне тіркеліп, елден кетуге тыйым салынып, кепілмен босатылды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.
Адвокаттардың айтуынша, экипаждың жеті мүшесі үшін 10 000 еуро, ал қалған төртеуіне 20 000 еуродан кепілдік берілген.
Істі қарау үшін Идра портының билігі жағалау күзеті қадағалайтын теңіз аймағында болған барлық қайықтан мағлұмат жинады, өйткені көрші шығанақтағы басқа кеменің куәгерлері өрт шыққан аймақтағы қайықтан отшашу атылды деп шағымданған.
Соңғы мәліметтер бойынша, яхта капитаны яхтадан ешқандай отшашу атылмағанын және барлық теңіз сигналдық зымырандары орнында болғанын және өзі өрт сөндіру бөліміне өрт туралы хабарлағанын айтып ақталған.
Еске салайық, Грекияда болған алапат өртке қазақстандық олигархтардың да себепкер болғаны туралы әлемдік БАҚ жарыса жазды.