Голливуд актері Уилл Смит қазақстандық блогердің видеосын парақшасында бөлісті

Фото: instagram.com/willsmith

Әлемге әйгілі киножұлдыз Уилл Смит отандық блогер Елдос Сансызбаевтың видеосын жеке парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Жерлесіміздің видеосын актердің 68 миллион оқырманы көрді. Блогер актердің киносынан үзінді жариялап, қолдайтынын жеткізген. Дүниежүзіне танымал өнер иесінің парақшасына шыққан желі жұлдызы қуанышын жасыра алмады, деп жазады Stan.kz.

“Әлі шок болып отырмын. Бұл мақтану ретінде айту емес. Өзіме тарих, естелік ретінде сақтап қою үшін айтып, видео салып жатырмын», – деді Елдос Сансызбаев.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогермен қоса қуанып жатыр.

“Бурак Озчевит менің постыма репост жасағанда дәл сіздей қуанғанмын”, “Қазақ-американ бір туған деген осы шығар?!”, “Димаш сторисімді қарағанда қатты қуандым”, “Уилл де дәл сіздей қуанып жатыр”, – деп жазып жатыр желі қолданушылары.