Германияда қазақстаннан көшіп ктекен экс-судья табылмай жатыр. Қазақстандық әйел Германия азаматына тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық әйелдің табылмай жатқанына 7 күн болған. Айгүл соңғы рет 3 маусым күні Берлин уақытымен 10:35-те ол байланысқа шыққан.
«Біздің болжам бойынша, Айгүл күйеуі Александр Донцов пен енесінің тарапынан физикалық қысым көрген болы мүмкін. Күйеуі мен енесінің қол көтеретіні туралы ол құрбыларына бірнеше рет айтып, шағымданған. Оның 3 жасар Жаклин есімді қызы бар. Айгүл қызын ешқандай қиындыққа қарамастан, тастамас еді!» — деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда Айгүл Сайлыбаеваның жақындары Қазақстанның Германиядағы консулдығынан көмек сұрады. Елге ұшып келуі үшін виза мәселелерімен айналысып жатыр. Неміс полициясы «адам жоғалу» фактісі бойынша тергеу амалдарын бастаған. Айгүл Сайлыбаева – Астана қаласында судья болған. «Болашақ» бағдаралмасымен шетелде білім алған.