Геннадий Головкин балаларға тосын сый жасады: «Кепканы қайдан алдыңдар?» (ВИДЕО)

Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин GGG логотипі бар кепка киген балалармен тосын кездесу ұйымдастырып, оларды қуантты, деп жазады Qazaq.today.

Әлеуметтік желіде тараған видеода GGG жазуы бар кепке киген балаға назар аударған Головкиннің:

«Кепканы қайдан алдыңдар?» – деп, машина терезесінен дауыстағаны көрінеді.

Балалар сүйікті спортшысын танып, бірден қуанып, суретке түсуге асықты. Геннадий Головкин өзінің қарапайымдылығын көрсетіп, көліктен түсіп, балаларды құшақ жая қарсы алды. Ол әрбір баламен жеке фотоға түсіп, олар үшін естен кетпес сәт сыйлады.

Бұл әсерлі кездесу желіде кең таралып, Головкиннің жанкүйерлерге деген ерекше ықыласын көрсетті.