«Генералдың басы жарылды»: Полиция қызметкерлері С.Күдебаевтың ісі бойынша сотта жауап берді

Талдықорған қалалық сотында Алматы облысы ДП бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Соңғы сот процесінде куәгерлерде тағы да жауап алынды. Сот тергеуінде СОБР аға инспекторы Айгүл Нұрмұханова 4 және 5 қаңтарда болған оқиғаларға тоқталды. Оның сөзінше, жаппай тәртіпсіздік болған 5 қаңтарда генерал-майор Талдықорғанның орталық алаңында қызметкерлерімен бірге болған. Тіптен ПД бастығы таяқ жесе де алаңды тастап кетпеген.

«Генерал жаралы болса да полициямен және біздің сарбаздармен (СОБР) иық тірестіріп тұрды. Осыдан кейін мен оны одан сайын құрметтеймін!», – деді Айгүл Нұрмұханова.

Адвокаттың: «Бейбіт тұрғындардың және содырлардың қайда екенін қалай анықтадыңыз?» деген нақтылау сұрағына капитан Нұрмұханова:

«Алдында әйелдер мен балалар, ал артында бір топ ер адамдар тұрды. Олардың рациялары мен шабуылға арналған құралдары болды».

 

Серік Күдебаевтың сөзінше, 5 қаңтарда ол басының екі жерінен (таспен соққы) және аяғынан жарақат алған. Сот отырысының екінші бөлігінде СОБР инспекторы, куәгер Нұрлан Қасымжомартұлынан жауап алынды. Олда былтырғы қаңтар оқиғасы кезінде  қаланың орталық алаңында Күдебаевтың болғанын растады.

«Көптеген тәртіпсіз адамдар агрессивті мінез-құлық танытып, тастарды, арматураны, басқа да қолдан жасалған құралдарды қолданып, бізді Абай және Ақын Сара көшелерінен итермелей бастағанда, СОБР командирінің орынбасары Арай Иманбаевтан генералды қорғау туралы бұйрық келді. Ол алаңның қақ ортасында, шыршаның жанында болды. Бұл кезде ол таспен атқыланып, басы мен бетінен қан ағып жатты. Арай Иманбаев (СОБР командирінің орынбасары) оны халық арасынан шығарып, бізге тапсырды”, – деді Нұрлан Қасымжомартұлы.

Дәл осындай ақпаратты басқа да сұралған куәгерлер – СОБР инспекторы Қанат Әбдірайымов пен взвод командирі Руслан Түстікбаев та растады. Олар сондай-ақ жиналғандар арасында агрессивтіліктің тез өскенін, импровизацияланған құралдардан басқа, түтін бомбаларын қолдана бастағанын атап өтті. Көтерілісшілердің қолында рация, қару болған. Олар алаңда болған әйелдер мен балаларды қалқан қылып, өздері артқы шепте жүріп отырған. 2022 жылдың 13 мамырында Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды.

Бас прокуратура оның «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» деген күдікке ілінгенін хабарлады. Бірнеше айға созылған сот тергеуі барысында генерал-майор Күдебаев өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Сот барысыда халыққа оқ атуға бұйрық бермегенін, оқ атылғанда құрбандардың саны әлдеқайда көп болатынын айтумен келеді. Келесі сот отырысы 24-қаңтар күні жалғасады.

дереккөз: Zakon.kz.