Қостанай облысында өгей қызын зорлады деген күдікке ілінген ер адам өліп қалды. Табылған мәйіт бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Сақшылардың мәліметінше, ер адамның үстінен әәмелетке толмағанға балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша тергеу басталған. Күдікті өліп қалған соң, тағы бір іс ашылған. Ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Зорлау мен өлімге қатысты тергеу әрекеттері жүргіп жатыр. Нақты шешім сараптамалардан кейін қабылданады.