Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 39 480-ге жетті

Соңғы 24 сағат ішінде Израиль армиясының шабуылынан эксклавтың тағы 35 тұрғыны қаза тапты, деп жазады  Qazaq Today ақпарат порталы Anadolu-ға сілтеме жасап.

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде Газа секторында 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан Израильдің шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 39 480-ге жеткені айтылды.

Соңғы 24 сағат ішінде Израиль армиясының шабуылдары салдарынан эксклавтың тағы 35 тұрғыны қаза тауып, 55-і жараланды.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі өз мәлімдемесінде 7 қазаннан бері жараланғандардың жалпы саны 91 128-ге жеткенін қоса кетті.

Қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмайды, деп қосты ведомство.

Фото: Анадолы