Фото: Махаббат Тағыбергеннің желідегі парақшасынан
Шымкенттің «Ордабасы» клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің жары Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің сынына жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ұлттық құраманың капитанының жұбайы – Махаббат әлеуметтік желіде Асхат Тағыбергеннің ойын сәттері түсірілген видеоны жариялады.
Футболшының жұбайы ешкіммен жанжалдасқысы келмейтінін, бірақ әділетсіздікке де көз жұма қарамайтынын жазды. Сонымен қатар ол жанкүйерлерге қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Оның жары ретінде мен Асхаттың футболға қосқан үлесі мен адалдығы, толықтай өзін арнауы үшін мақтанамын. Ешкіммен дауласып, жауласып жатқан жоқпын. Бірақ әділетсіздікке үнсіз қалу да дұрыс емес. Әр жанкүйерді құрметтеймін. Бірақ бір маусымға қарап, жақсы сәттерді ұмытуға болмайды. Қолдауларыңыз үшін үлкен рахмет», – деп жазды капитанның жары әлеуметтік желіде.