«Футболда кездесеміз» — Головкин ұлттық құраманы қолдау үшін Астанаға келе жатыр

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан — Солтүстік Ирландия матчында ел құрамасына жанкүйер болу үшін Астанаға келе жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

«Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз», — деп жазды Г.Головкин Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де.

Кеше «Астана-Аренада» Қазақстан Финляндиямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

 

Qazaq.today