Франциядағы президент сайлауында Макрон жеңіске жетті

Франциядағы президент сайлауында Макрон жеңіске жетті. Саяси доданың қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың 58,55% дауысына ие болған.  Францияда өткен президент сайлауының екінші турында елдің  қазіргі президенті Эммануэль Макрон жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq.Totay ақпараттық агенттігі.

Саяси доданың қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың 58,55 процент дауысына ие болды. Осылайша, Макрон – президенттік лауазымда екінші мерзімге сайланған Францияның үшінші президенті. Ал сайлауда Макронның басты қарсыласы әсіре ұлтшыл «Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Марин Лё Пен 41,45 процент дауыс жинаған. Ле Пен жеңілгенін мойындап, саяси күресін парламент сайлауында жалғастыратынын мәлім етті.

«Сіздер гуманистік жоба, еліміздің тәуелсіздігіне бағытталған биік мұрат пен Еуропаның игілігі үшін дауыс бердіңіздер. Республикалық құндылықтар, әлеуметтік-экологиялық оңды жобына таңдадыңыздар. Бұл іс жанкеншті адал еңбек пен жасампаздыққа негізделген. Біз мәдени және кәсіпкерлік жағынан күшейе түсеміз. Республика жасасын! Франция жасасын!», – деді Франция президенті Эммануэль Макрон.

Айта кетейік, Францияда мемлекет басшысы жалпыға бірдей тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Елде 49 миллионға жуық азаматтың дауыс беру құқығы бар. Осы жолы оның 63 проценті ғана сайлауға қатысқан.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here