Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай продюсер Баян Алагөзованың үйін көрсетті, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.
Аша Матай әпкесінің үйіне Құрбан айт кезінде қыдырып барған. Ол оқырмандарына продюсердің үйін көрсетіп шықты.
«Фитнес бөлмесі, сауна, мини бассейн, екі ас, алты жуынатын бөлме, 10-ға жуық бөлме, үлкен гардероб, қымбат жөндеу, дизайнерлік жиhаз, лакшери өмір», — деп жазды Аша Матай Instagram-дағы сторисінде.
Сонымен бірге бұл үйде кітапхана мен жеке кабинет те бар. Аша Матай бұл «Тұрсын ағанікі (Алагөзов — ред.) болар» деп топшылады.