Фельдшерді балағаттаған Ақмола тұрғыны бес тәулікке қамалды

Ақмола облысының тұрғыны аудандық ауруханада фельдшерді балағаттаған. Ол мас болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Ол өз кінәсін мойындады. Сот оған жаза тағайындаған кезде оның өз кінәсін мойындауын, өкінгенін, бірінші рет бұзақылық жасап тұрғанын, мас болғанын ескерді», — деді сот.

Жақсы аудандық соты оны бес тәулікке әкімшілік қамауға алды.