Tag Archives: зорлық

Түркістандағы жаға ұстатарлық жағдай: 15 жастағы қыз 71 жастағы көршісінен бала тапқан

Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған. Жасөспірімнің зәбір көргенін ата-анасы қыздарының жүктілігінің жетінші айында бір-ақ білген.

Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына бөлісе алмаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қария өз кінәсін толық мойындаған.

Студент қызды бес бала зорлаған: Күдіктінің бірі прокурордың туысы болғандықтан іс тоқтап тұр ма?

Фото: видеодан скрин

Қарағандыда бес жасөспірімнің колледж студентіне қарсы қатыгез әрекет жасағаны туралы ақпарат қоғамды дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Тергеу дерегінше, оқиға жеті ай бұрын болғанымен, бейнежазба әлеуметтік желіге тарағаннан кейін ғана көпшілікке белгілі болған. Жәбірленушінің ата-анасы істің ұзаққа созылып жатқанын айтып, әділдік талап етуде.

Олардың айтуынша, күдіктілердің бірі облыстық прокуратура қызметкерінің туысы болғандықтан, тергеу әдейі созбалаңға салынып отыр.

Қазір іс бойынша тергеу жалғасуда. Ал қоғам әділ тергеу жүргізуді және кінәлілердің жазадан құтылмауын талап етуде.

«Шешесі жазаны жеңілдетуді сұраған»: Өгей қызын зорлаған павлодарлық сотталды

Фото: Pixabay

Павлодар облысында мектеп оқушысы анасының азаматтық некедегі жолдасынан жәбір көргенін мәлімдеді. Айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жасөспірімнің анасы сотталушының жазасын жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 47 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Оған кәмелетке толмаған баланы зорлады (Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлігі) деген айып тағылды. Сот жабық есік жағдайында өтті.

Іс материалдарына сәйкес, биыл наурыз айында 14 жастағы қыз мектеп психологына қорқынышты түс көріп қиналғанын айтып шағымданған.

«Қыз бала психологтан: «Жаман түс көруіме мені зорлаған жағдай себеп болуы мүмкін бе?», — деп сұраған. Осыдан кейін кәмелетке толмаған оқушы 2024 жылдың желтоқсан айында өз үйінің жатын бөлмесінде анасымен бірге тұратын ер адам (сожитель) оны зорлағанын айтып, бұл жағдай өзін қатты алаңдатып жүргенін жеткізген. Мектеп психологы бұл туралы мектеп директорына хабарлаған. Ал оқу орнының басшылығы бірден полицияға мәлімдеген», – деді судья Нұрлан Абаев.

Ресми мәлімет бойынша, ер адам қыздың өзі интимдік қатынасқа келіскенін айтып, сотта кінәсін мойындамаған. Мұны сотта қыздың анасы да мәлімдеді.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы кінәсін мойындап, жасаған қылмысының мән-жайын егжей-тегжейлі айтып берді», – деді судья Айтбаев.

Сот отырысында зардап шеккен оқушы қыздың анасы айыпталушының жазасын жеңілдетуді сұрады.

«Қыздың анасы сотта барлығы қызының өз еркімен болғанын айтқан. Осылайша ол айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігін (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) қолдануды сұрады. Соттың пайымдауынша, кәмелетке толмаған қыз өз айғақтарын қорқыныштан өзгерткен. Ол мұндай қадамға анасынан сотталушыға қандай қатаң жаза қолданылатынын естігеннен кейін барған. Отбасында кәмелетке толмаған тағы үш бала бар. Оларды анасы жалғыз өзі тәрбиелеуге мәжбүр болады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қыз ер адамның өлтіремін деп қорқытып, зорлағанын айтты. Ол ұзақ уақыт бойы мұны айта алмаған. Өйткені қыз әлі бала болған соң өміріме қауіп төнеді деп қорыққан. Ол кезде қыз 13 жаста болған», – деді судья.

Сот айыпталушының қылмысты мас күйінде жасағанын ескеріп, бұл жайтты ауырлататын мән-жай ретінде қарастырды. Сотталушының Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі (Зорлау) бойынша кінәсі дәлелденіп, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ер адам жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді.

Павлодарда өгей қызын 8 жасынан бастап зорлаған ер адам сотталды

Павлодар облысында өгей қызына жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткен 44 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы irbistv.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу нұсқасына сәйкес, бірінші зорлық әрекеті 2017 жылы тіркелген. Ол кезде қыз баланың анасы некеге жаңа тұрған болатын. Өгей әке қызды бірге тұрған алғашқы күндерден бастап зорлаған. Қыз бала ол кезде небәрі 8 жаста болған.

Қылмыс Шығыс Қазақстан облысында басталып, кейін отбасы Павлодар облысына көшкеннен кейін де зорлық әрекеттері жалғасқан.

Қыз бала көп жыл бойы үнсіз қалған, тек 2024 жылдың күзіне қарай мектептегі мұғаліміне бар шындықты ашып айтқан.

Педагог дереу шара қолданған:

  • Қыз баланы гинекологиялық тексерістен өткізген;
  • Жергілікті полицияға арыз түскен;
  • Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалып, Павлодарда сот қарауына берілген.

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев сот үкімін жариялады:

«ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 4 және 5-бөліктері негізінде, бірнеше қылмыстық құқықбұзушылықтарды ішінара қосу арқылы, сотталушыны 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесу туралы шешім қабылданды», — делінген.

Сонымен қатар, сот моральдық зиян ретінде 8 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді.

Әйел зорлады деп айыпталған спортшы «Барыс» хоккей командасымен келісімшартқа отырды

Сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған канадалық хоккейші Майкл Маклеод астаналық «Барыс» хоккей командасымен бір маусымдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

“Барыс” хоккей командасының баспасөз қызметінің мәліметінше,  бұрын Нью-Джерси Девилс клубының құрамында ҰХЛ-да ойнаған 26 жастағы Маклеодпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.

26 жастағы шабуылшы Ұлттық хоккей лигасында 300-ге жуық матч өткізді. Өткен маусымда «Барыс» ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы, 12-орынға ие болып, плей-офф кезеңіне өте алмады. Астаналық клуб 68 матчта 50 ұпай жинап, соққан голдары бойынша (137) лигадағы ең нашар екінші командаға айналды, Мәскеу түбіндегі «Витязьді» ғана (133) басып озды.

Айта кетейік, Майкл 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін Лондон қонақүйінде әйелді зорлады деп айыпталған Канаданың жасөспірімдер хоккей командасының бұрынғы бес мүшесінің бірі.