 
        
            Шымкентте шенеунік 430 млн теңге қаражатты жымқырған
Фото: Pixabay Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкенттегі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Ж.Д.Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Ол алма бақтарын салуға бөлінген бюджет қаражатын иемдену фактісі бойынша, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жұмыстар мен жабдықтардың құнын негізсіз көтеру жолымен ұрлық жасады…

 
         
         
        