Қызылордада жарық дағдарысы: тұрғындар тоңып отыр, ал әкімдік бұған нақты шешім ұсына алмай келеді

Коллаж: sn.kz Қызылорданың Сабалақ елді мекенінде қарапайым халық 15 қарашадан бері электр қуатының төмендеуінен әбден титықтады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Тұрғындардың айтуынша, кешкі 17:00-ден кейін жарық бірде өшіп, бірде қайта қосылып, стабилизатор 170-тен жоғары көтерілмейтін жағдайға жеткен. Электр қуатының әлсіздігінен үйдегі ешбір техника істемей, газ да болмағандықтан, жұрт суы қайнаған пешке қарап күйіп-пісуде….

Толық оқу

Жамбылда тағы шу: төрт жыл бойы жылусыз отырған тұрғындар әкімдіктен көмек сұрай алмай жүр

Жамбыл облысындағы «Ұлы дала» 15-шағынауданының 1025 үйі төрт жылдан бері жылу мәселесін шеше алмай, әкімдік есігін тоздырғанын айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Тұрғындар түн ішінде аулаға жиналып, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевке ашық үндеу жасады. Айтуларынша, үйлердің қабырғасы қисайған, төбеден су ағады, линолеум көтеріліп, есіктер сапасыз пластиктен жасалған. Қатты желде пәтер ішінде «ұлып тұрғандай»…

Толық оқу

Ақтаудағы «Отырар сити» тұрғындары бірнеше күннен бері жылусыз отыр

Фото: видеодан скрин Ақтау қаласындағы «Отырар сити» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше күннен бері пәтерлерінде жылусыз отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Тұрғындар айтқандай, үй ішіндегі температура +10 градустан аспай, балалар мен қарттар тоңып жатыр. Олар мәселе жөнінде бірнеше рет қызмет көрсетуші компанияға және қалалық әкімдікке шағымданғанымен, нақты нәтиже болмаған. Әкімдік өкілдері апатты жағдайды жою…

Толық оқу

Қарағандының жылу желілерінде де апат болды

Кеше кешке Қарағандыдағы жылу желілерінде апат болды. Ақау электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен шыққан. Оқиғаның мән-жайын «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС айтып берді. «Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен Дүйсембеков көшесіндегі «Панель-Центр» жылу сорғы станциясында қысқа мерзімді тоқтатулар мен сорғы агрегаттарының өздігінен іске қосылуы болды. Қысымның күрт көтерілуі салдарынан гидросоққы пайда болып, Әшімов көшесінде ақау шықты», — деп…

Толық оқу

“100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған”: Астанада ер адам ұсталды

Астана қаласында ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, Сарыарқа аудандық ПБ полиция бөлімі қаладағы ЖШС-нің бірінен шойын батереялардың жоғалғандығын анықтаған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғынын ұстады. Бұрын ол осы серіктестікте жұмыс істеген. Оның 93 жылыту батареясын ұрлағаны белгілі болды. Ол жылу батареяларының қайда орналасқанын, оларды…

Толық оқу
Яндекс.Метрика