Алты жыл бұрын жоғалып кеткен астаналық табылды

[Полицейлер Ақмола облысы аумағынан 6 жыл бұрын жоғалып кеткен астаналық ер адамды тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Шалқар ауылында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 40 жастағы елордалықты анықтаған. «2018 жылғы 8 шілдеде Астана полициясына ер адамның әпкесі өтінішпен жүгінген….

Толық оқу

Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тасжолдар қалыпқа келтіріледі

Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тасжолдар қалыпқа келтіріледі, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Өңірдегі республикалық маңыздағы күре жолдардың жалпы ұзындығы – 1 мың 534 шақырым. Оның 82%-ы қанағаттанарлық деңгейде. Кейбір учаскелердің жөнделмегеніне 40 жылдай болған. Осы мақсатта өңірдегі автожолдарды қалыпқа келтіру бойынша ауқымды шаралар кешені басталмақ. Биыл облыста республикалық маңыздағы 6 автожолдың 187 шақырымында орташа жөндеу…

Толық оқу

Мемлекеттік мекеме басшысы ағасына 4 жыл бойы заңсыз жалақы төлеп келген

Абай облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бюджетке 5,5 млн теңге заңсыз төленген жалақы өтелді, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Облыс прокуратурасы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтады. Ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай, жалақы алған. Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» МҰТП»…

Толық оқу

Ақмола облысында шенеуніктер 3 жыл бойы ақша жымқырып келген

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігі лауазымды тұлғаларының 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алынғанын анықтады. «Бұл факті…

Толық оқу

Ресей басқыншылығына қарсы соғыста Украинаның 31 мың сарбазы қаза тапты

Ресей басқыншылығына қарсы соғыста 31 мың украин әскери қызметкері қаза тапқан. Зеленский бұл көрсеткіш БАҚ пен Батыс ақпарат көздерінің бұрынғы бағалауынан төмен екенін атап өтті. Ол сондай-ақ әрбір жеңіліс Украина үшін үлкен шығын екенін атап өтті. Президент жараланғандар немесе із-түзсіз жоғалған әскери қызметкерлердің санын айтудан бас тартып, бұл ақпаратты Ресей пайдалануы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді….

Толық оқу