
Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді. Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.