– Украинадан Қазақстанға жету үшін ҚР азаматтары Польша немесе Молдова арқылы екі жерүсті бағытын, бұдан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Польша арқылы шыққан жағдайда Қазақстан азаматтарына Шенген визасы болуы қажет, Молдоваға кіру үшін виза қажет емес, — делінген хабарламада.
Елшілік сонымен қатар азаматтарды әуе дабылын елемеуге және қиын жағдайда дереу пана ізедуге шақырды.
Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефондарының нөмірлерін жариялады.
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс нөмірі: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031
Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайларда): +380673470408
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катар еліне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Катар арасында қылмысқа күдікті адамдарды ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл құжаттар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстың трансұлттық түрлеріне қарсы күреске арналған.
«Атап айтқанда, қылмысқа күдіктіні ұстап беру туралы келісім тараптарға бір елде қылмыс жасаған және басқа елде жасырынған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Бас прокуратура.
Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім қылмыс жасаған адамдардың кінәсін дәлелдеу бойынша екі елдің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылына бағытталған. Бұған дейін Қазақстан Сауд Арабиясымен, Иорданиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен халықаралық шарттар жасасқан болатын.
Осылайша, Катар Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында қажетті халықаралық-құқықтық базаны қалыптастырған Парсы шығанағының кезекті мемлекеті болды.
60,06 млрд долларды сенаторлар Украинаны қолдауға, 14,1 млрд долларды Израильге, тағы 20,23 млрд долларды Максикамен шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, 4,83 млрд долларды АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аймағындағы серіктестерін қолдауға, 2,44 млрд долларды АҚШ орталық қолбасшылығына, тағы 2,44 млрд долларды Қызыл теңіздегі операцияларға жұмсамақ.
АҚШ президенті Джо Байден заң жобасын қолдап, Конгрестен оның қабылдануын кешіктірмеуді өтінді. Бастапқы дауыс аптаның ортасында берілетіні болжанған, бірақ заң жобасы өкілдер палатасында республикашылардың көпшілігінің үлкен қарсылығына ұшырауы мүмкін.
Сенаторлар 2023 жылдың күзінен бастап бұл жөнінде келісе алмай келеді. Негізгі себеп – республикашылардың демократтармен Мексикамен шекараны нығайту және иммиграциялық саясатты күшейту шаралары жөнінде ортақ пікірде болмауында. Республикашылар Мексикамен шекараны бақылауды күшейтуді талап етеді. Украинаға кез-келген қосымша көмек талқылануы керектігін де шарт қылмақ.
Конгрес былтыр күзден бастап Украинаны қолдау үшін жаңа бюджетті қабылдай алмаған. Осы уақыт ішінде бұрын бөлінген қаражат таусылып, Киевке америкалық әскери көмек көлемі айтарлықтай қысқарды.
Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізу турасында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сұрақ қойылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетсек, бұған дейін ресми органдар Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін 12 млрд доллар керектігін хабарлаған еді. Қазіргі уақытта төрт елдің, атап айтқанда Франция, Оңтүстік Корея, Қытай мен Ресейдің технологиясы қарастырылып жатыр. Осы төрт технологияның ішінде қайсысы арзан деген сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Жандос Нұрмағанбетовке қойды.
«Ведомствоаралық комиссия осы төрт елдің технологиясын қарастырған болатын. Талдау жүргізіліп, салынған станция ең алдымен, қауіпсіз болуы керек. Нақты бағасын шығару үшін біріншіден, құрылыс жерін белгілеу керек. Егер ұсынылып жатқан Балқаш көлі болса, онда сол жердегі орын бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасалады. Соның нәтижесінде белгіленеді. Қазір қай технология қаншаға салып беретіні турасында мәлімет жоқ”, – дейді Нұрмағанбетов.
Еске сала кетейік, Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу жөнінде жария тыңдауға барып қайтқан еді. Үлкен ауылындағы көптен күткен үлкен жиынға жобаға қатысты компания өкілдері, Энергетика министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлері, жан-жақтан белсенділер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келген. Жиналғандар екіге бөлініп, жанжалдасып қала жаздаған болатын.