Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі не себепті ұлы Қайрат Нұртастың көзілдірік тағатынын айтты.
“Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек болып қалды. Бірақ құдай сақтап қалды. Қайрат терезеден ұшып кетті. Әйнектер сынып, денесі мен көзіне қадалып қалды. Содан тыртық пайда болды. Көзілдірікті сол үшін тағып шығатын”, – деп жазды продюсер.
Гүлзира Үсенқызынң сөзінше, сол жол апатын фильмге арқау еткен.
“Өкініш” фильміне жол апатын кірістірдім. Қалай көліктен аударылғанын және өзімнің сол кезде қандай күйде болғанын көрсеттім. Телефон соққаным да еш өзгеріссіз фильмге енді”, – деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Хромтау тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен үш науқас санавиациямен Ақтөбеге жеткізілді. Олар науқастар арасында 2009 жылы туған пациент те бар. Қазір Хромтау аудандық ауруханасында үш науқас қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Күні кеше болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тауып, 6 адам Хромтау аудандық ауруханасына жіберілген болатын.
«Бір науқастың жағдайы ауыр. Екеуінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
«Диапазон» газетінің жазуынша, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев бұл шешім Денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық шұғыл медицина орталығының келісімімен қабылданғанын айтты.
«Науқастардың жағдайы әртүрлі. Ауыр жағдайда жатқандар да, ауырлық дәрежесі орташа деп бағаланып отырғандар да бар. Барлық қажетті ем көрсетіліп жатып. Астанадан келген мамандармен тұрақты консилиум өткізілуде. Қажет болған жағдайда, Астанаға да жіберіледі. Жол апатынан барлығы 6 науқас жеткізілді. Бесеуі таңертең жансақтау бөлімінде болды, біреуі травматология бөліміне ауыстырылды», – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапқанын жазғанбыз. Жол-көлік оқиғасын ІІМ-нің арнайы тобы тергейтін болды. Тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды.
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 23 қазан күні Самара – Шымкент тасжолында Белқопа ауылының маңында болған.
«Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын «ГАЗель» соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы көз жұмды. Тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген хабарламада.
«ГАЗель» аудан мен облыс орталығы арасында жолаушылар тасымалдаған.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апаттан зардап шеккендер Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген. Бес адамның ішінде үшеуінің жағдайы ауыр, ал екеуінің жағдайы орташа.
Бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жол апаты болған орынға аттанғаны туралы да айтылды.
Абай облысында жүк көлігі жол шетіне шығып кетіп, аударылған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 2025 жылы 7 қазанда аталған жол көлік оқиғасының «Алматы – Өскемен» тас жолының 731-шақырымында болғанын нақтылады.
«2025 жылғы 5 қазанда Volvo маркалы автокөлігін тізгіндеген 45 жастағы жүргізуші Алматы бағытына қарай келе жатқанда жолдың шетіне шығып кетіп, көлік аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім себебі – инфаркт. Бұл қайғылы жағдай ұзақ жол тек кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар физикалық төзімділікті, сабырлылық пен мұқияттылықты талап ететінін еске салады. Басқарусыз қалған ауыр жүк көлігі – жолдағы өзге жүргізушілер үшін үлкен қауіп», – делінген полиция хабарламасында.
Абай облысының тәртіп сақшылары мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында жедел жәрдем қызметімен бірлескен рейдтер өткізеді.
«Бекеттерде жүргізушілерге жолға шығар алдында медициналық тексеруден өту ұсынылады. Бұл тәжірибе шаршау немесе денсаулықтағы өзгерістерді ерте анықтап, ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі», – деді полиция өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында