Tag Archives: жоғалған қыз

Павлодарда 15 жастағы қыз үш күннен бері табылмай жатыр

Фото: poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодарда 15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қыздың хабарсыз кеткеніне үш күн өткен. «VITA» іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеп жатыр, деп жазады el.kz.

4 мамыр күні Аяулым Нығмет Павлодар ауданының Набережное ауылындағы Абай көшесі, 4 мекенжайдағы үйінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған.

Қыздың бойы — 160 сантиметр, арықша келген, шашы, көзі қара түсті. Қара түсті спорттық костюм, жилет және ақ аяқ киім киген.

Көрген-білген жандар болса, полицияға хабарласуын сұрайды.

Алматы облысында 3 жасар қыздың жоғалғанына он күн болды

Фото: el.kz

Аймақты жан-жақты тексеру нәтиже бермеген. Енді Күш ауылында көлдің суын бірнеше метрге ағызбақшы. Ол жоғалған қыздың үйінің дәл жанында орналасқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жоғалған бүлдіршінді іздеуге тағы бір апта кетеді. Іздеге тәжірибелі сүңгуірлер де қосылды.

Айя-София 17 наурыз күні түстен кейін жоғалып кеткен. Оның үйден шығып кеткенін ешкім байқамай қалыпты. Баланың анасы оның жоғалғанын сол күні хабарлаған. Полицейлер, құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары, тіпті әскерилер қызды іздеуге шықты.

Осы уақыт ішінде іздеу аймағы айтарлықтай кеңейді. Қазір ауылдың барлық іргелес аумақтары мен көршілес ауылдық округтердің шаруа қожалықтары іздестіріліп жатыр. Айя-Софияны тікұшақпен, төрт ұшқышсыз ұшақ пен де іздеуде. 25 ит пен 10 атты топ жұмылдырылды. Іздеу шарасына барлығы 300-ден астам адам жұмылдырылған.

«Қыз күні бүгінге дейін табылмай жатыр. Еңбекшіқазақ облысы төтенше жағдайлар қызметінің әскери жасағы 300-ге жуық адаммен қызды іздеуді жалғастыруда. Іздеу қыз табылғанша жалғасады», – деді Балтабай ауылдық округінің әкімі Сәуле Әліпова. 

Алматы облысында 3 жасар қыз жоғалып кетті

Фото: Pixabay

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жастағы қыз жоғалып кетті. Оны іздеуге тік ұшақ пен дрон жұмылдырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтұан.

«Аталған дерек бойынша арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Барлығы 245 адам жұмылдырылды», — деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстарына волонтерлер, тепловизоры бар дрондар мен тікұшақ тартылғанын атап өтті.