60,06 млрд долларды сенаторлар Украинаны қолдауға, 14,1 млрд долларды Израильге, тағы 20,23 млрд долларды Максикамен шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, 4,83 млрд долларды АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аймағындағы серіктестерін қолдауға, 2,44 млрд долларды АҚШ орталық қолбасшылығына, тағы 2,44 млрд долларды Қызыл теңіздегі операцияларға жұмсамақ.
АҚШ президенті Джо Байден заң жобасын қолдап, Конгрестен оның қабылдануын кешіктірмеуді өтінді. Бастапқы дауыс аптаның ортасында берілетіні болжанған, бірақ заң жобасы өкілдер палатасында республикашылардың көпшілігінің үлкен қарсылығына ұшырауы мүмкін.
Сенаторлар 2023 жылдың күзінен бастап бұл жөнінде келісе алмай келеді. Негізгі себеп – республикашылардың демократтармен Мексикамен шекараны нығайту және иммиграциялық саясатты күшейту шаралары жөнінде ортақ пікірде болмауында. Республикашылар Мексикамен шекараны бақылауды күшейтуді талап етеді. Украинаға кез-келген қосымша көмек талқылануы керектігін де шарт қылмақ.
Конгрес былтыр күзден бастап Украинаны қолдау үшін жаңа бюджетті қабылдай алмаған. Осы уақыт ішінде бұрын бөлінген қаражат таусылып, Киевке америкалық әскери көмек көлемі айтарлықтай қысқарды.
Қазақстан үкіметі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үкімет мәліметінше, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы 2024 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және оны іске асыруға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат көзделген. Айта кету керек, бұл соманың көлемді бөлігі, яғни 1,3 трлн теңгеден астамы – бюджеттен тыс қаражат.
«Жоба аясында айтарлықтай қаражат сымды және сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады. Ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің тармақталған жүйесін салуға баса назар аударылмақ. Мәселен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3 мыңнан астам ауылда тиісті байланыс желілерін монтаждау жоспарланып отыр.
Жалпы шағын және орта байланыс операторларын қолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығына жылдамдығы жоғары интернет тартылатын болады. Жекеменшік операторлар тарапынан инвестициялардың жалпы сомасы 92 млрд теңге болған жағдайда, оның жартысын мемлекет күрделі шығындарға субсидиялар түрінде қайтаратын болады», — делінген хабарламада.
Ұлттық жоба аясында республикалық және негізгі облыстық автожолдарды мобильді интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу жоспарланған. Атап айтқанда, 487 антенна-діңгек құрылысын орнату жоспарланып отыр. Бұл 17 мың шақырым автожолды мобильді интернетпен қамтуға мүмкіндік береді.
«Тағы бір бағыт 5G желісін одан әрі өрістету болмақ. Бүгінгі таңда 605 базалық станция орнатылған. 2025 жылдың соңына дейін 5G технологиясын республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының барлығына енгізу жоспарланып отыр. Осы жұмыс аясындағы байланыс операторларының инвестициялары шамамен 300 млрд теңгені құрайды», — дейді сарапшылар.
Ұлттық жоба аясында ірі деректер орталықтарын және трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдарды салу бойынша шаралар жоспарланған. Сондай-ақ республикаға жетекші халықаралық IT-компанияларды тарту үшін заңнаманы өзектендіру қажет.
Жалпы ұлттық жобаны іске асыру 2027 жылға дейін қазақстандықтарды жылдамдығы жоғары интернетпен қамту деңгейін 100%-ға дейін жеткізуге және елдің өңірдегі цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме беріп.
Кеңесте халықаралық бизнесті дамыту орталығын құру, инвестициялар тарту, инфрақұрылым жүргізу, іскерлік қызмет нысандарын салу жөніндегі шаралар, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.
Еске сала кетсек, тұжырымдамаға сәйкес Алматы және Қонаев қалаларының аралығындағы интеграцияланған G4 City қаласы төрт ауданнан тұратын болады:
Gate – іскерлік және қаржылық орталық,
Golden – білім беру және медицина салалары бойынша хабтар,
Growing – өнеркәсіптік және логистикалық хабтар,
Green – туристік кластер.
Биыл көктемде Алматы облысында 2048 жылға дейін жалпы ауданы 30 мың гектар болатын «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл интеграцияланған қаланы құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климатты қамтамасыз етеді.
«Жайлы мектеп» жобасын іске асыруға 2,4 триллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме жасап.
Былтыр қыркүйекте мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеуді және іске асыруды тапсырған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдай жасалуы керектігіне назар аударды. Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған.
Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланып отыр. Қалаларда 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады. 217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Жалпы жобаны іске асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді.